Күйеудің қадірін қалай арттыруға болады? / Данияр СҮЛЕЙМЕНОВ

0

Күйеуіне бағынып, қолғабыс ете білмеген әйел күйеуін төрге сүйреудің орнына көрге апарып тығады.

Д .Милль

«Қолда барда алтынның қадірі жоқ» демекші, кейде қасымыздағы адамның қадірін жете түсіне алмай жататынымыз бар. Ал айырылып қалған күні сан соғып, бармақ тістейміз келіп. Бірақ бәрі кеш!

Ендеше, сіз де күйеуіңіздің қадірін ұмыта бастасаңыз: Күйеуіңіз қайтыс болып одан айырылып қалған күні өзіңіз жесір, балаңыз жетім қалатынын ұмытпаңыз. Сол себепті көзі тірісінде күйеуіңіздің қадірін біліңіз. Бұл ауыр болса да ащы шындық.

Қанағатшыл болыңыз

Қанағат – қолда бардың қадірін біліп, Аллаға шүкір ете білу. Қанағатшыл адам ешқашан «менде мына нәрселер болғанда бақытты боламын» демейді, керісінше, «менде мына нәрселер бар, Алла тағала маған осындай нығметтерді берді, сол үшін мен бақыттымын» дейді.

Өмірде бәрі бірден бола бермейді. Өмір сынақ алаңы болғандықтан, табандылық пен қажырлы еңбекті қажет етеді. Осы жолда қанағаттың да алатын орны үлкен. Әсіресе отбасылық өмірде ерлі-зайыпты жандардың арасында қанағаттың болуы өте маңызды. Әйел кісі ерінің тапқан нәпақасына қанағат етсе, ері де қажырлы еңбек ету арқылы жақсы табыс табуға ұмтылып жатса, мұндай отбасыда тыныштық орнайды. Қанағатсыз әйел күйеуінің тапқан табысын азсынып «анау жетпейді, мынау жетпейді» деп шағымданғыш келеді. Осы нәрсе отбасының тыныштығын бұзып, ердің еңсесін түсіреді.

islam.kz