Көз зинасынан қалай қорғанамыз?

0

قُلْ لِلْمُؤْمِنِينَ يَغُضُّوا مِنْ أَبْصَارِهِمْ وَيَحْفَظُوا فُرُوجَهُمْ ۚ ذَٰلِكَ أَزْكَىٰ لَهُمْ ۗ إِنَّ اللَّهَ خَبِيرٌ بِمَا يَصْنَعُونَ

Құдіретті Алла Тағала өзге еркектер мен әйелдерге көз салу туралы былай деп үкім етті: ұхаммед Мүміндерге айт: өгде әйелдерге қараудан көздерін сақтасын. Әрі ұятты жерлерін (зинадан) қорғасын. Бұл олар үшін өте жақсы. Рас Аллаһ олардың не істегендерінен хабар алушы) («Нұр» сүресі, 30-аят).

Осы аят түскеннен кейін Хазретті Әли Пайғамбарымыздан (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) харамға кездейсоқ қарау жөнінде сұрады. Сонда Алла елшісі.. хазіреті Әлиге: «Әли! Бірінші қарауыңа екіншісін қосушы болма. Алғаш қарау –. саған тиесілі, екіншісі – саған қарсы» ( Тирмизи)

Бір хадис шәрифте былай делінеді: «Көздің зинасы – харамға қарау, құлақтың зинасы – әдепсіз (ұятсыз) сөз тыңдау, тілдің зинасы – балағат (ұятсыз сөздер) айту, қолдың зинасы өзіне халал болмаған әйелді ұстау, аяқтың зинасы – күнә болған жерлерге бару.» (Бұхари)

Бір күні жас жігіт ұстазына келіп: «Ұстаз, мен жас болғандықтан қыздарға қарамай жүре алмаймын, бұдан қалай тыйылсам екен?» деп сұрайды.
Ұстазы жауап берместен сүтке толы кесені баланың қолына ұстатып «Мынаны базардағы сатушыға бір де бір тамшысын жерге төкпей апарып бер» деп бұйырады. Сосын екінші шәкіртін шақырып «Егер,мына жігіт сүттің бір тамшысын жерге төгетін болса,оны тура сол жерде қамшыла» дейді.
Әлгі жас жігіт ұстазының айтқанын екі етпестен қорыққанынан аса мұқияттылықпен бір де бір тамшысын жерге төкпестен базардағы кісіге апарып береді. Жаңағы жас жігіт өзінің ұстазына келген кезде ұстазы: «Жолда неше қызды көрдің деп сұрайды?» деп сұрайды. Жігіт: «Мен сүтті төгіп алсам ұятқа қаламын сосын мені қамшымен сабайды ғой деген оймен сүттен басқаға қарауға мұршам болмады» деп жауап қайырады. Сонда ұстазы:«Міне, мұсылман адамның жағдайы да осыған ұқсас, егер Алланың бұйырғанын орындамасам қиямет күні Алланың алдында масқарам шығады деген үреймен жүреді»деп, шешімін айтқан екен.

«Харамға қарау шайтанның улы оғы. Алла Тағаладан қорқып бөтен әйелгеқарамағанға зауқты (қуатты) иман нәсіп болады.»