Катар Газа секторына 20 млн доллар бөлді

0
139

Астана. 30 қаңтар. KAZISLAM – Катар БҰҰ-ға Газа секторына гуманитарлық көмек ретінде 20 миллион доллар бөлген.

Осыған сәйкес БҰҰ-ның гуманитарлық көмек жөніндегі үйлестірушісі Джейми МакГолдрик пен Катардың Газа секторын қалпына келтіру бойынша комитет басшысы Мұхаммед әл-Имади хаттама қойды. Хаттама Шығыс Иерусалимде орналасқан БҰҰ кеңсесінде толтырылды.

МакГолдрик Twitter парақшасында Катардың Палестинаға көмек көрсетуі маңызды қадам екенін мәлімдеді.








Дереккөз: http://kazislam.kz/