Канадада мешіттегі ашық есік күні өтеді


Астана. 18 қаңтар. KAZISLAM – Канаданың Британ Колумбиясы провинциясында 16 ақпан күні тұңғыш рет Мешіттердің ашық есік күндері өтеді, деп хабарлайды Daily Hive.
Ашық есік күні бағдарламасының үйлестірушісі Аднан Акиляның айтуынша, шараның мақсаты – ислам діні мен мұсылмандар туралы қалыптасқан стереотип пен теріс пікірлерге қарсы күрес. Шара Ванкувер, Ричмонд, Сурре, Бернаб, Виктория, Эбботсфорд, Камлупс және Принс-Джордждегі ғибадатханаларында өтеді.
Мешіт қонақтарына ислам мәдениетіне арналған көрмелер ұсынылады, сондай-ақ, хижабтар мен төбетейлер киіп көруге, әйел адамдар қолдарына қынамен сурет салуға және шығыс ас тағамдарынан дәм татуларына болады.
Дереккөз: http://kazislam.kz/