Йеменде 4 жылда 6 700 бала мерт болды

0

Астана. 4 ақпан. KAZISLAM – Йеменде соғыс басталған 4 жыл уақыттан бері 6 700-ге жуық бала көз жұмды. Жүздеген бала аштықтан өлім аузында тұр, деп хабарлайды Ansar.ru.

«Йеменде 358 мың бала аштықтан азап шегуде» деп жазады ЮНИСЕФ Twitter парақшасында. Ұйым бұл зауалды тоқтату үшін жедел емдік, көмек шараларын жасау қажеттігін хабарлап, дабыл қақты.

Осыған байланысты БҰҰ елдегі бейбіт тұрғындарға шабуыл жасауды тоқтатуға шақырды. Халықаралық ұйым мәліметінше, Йеменде халықтың төрттен үш бөлігі гуманитарлық көмекке мұқтаж.








Дереккөз: http://kazislam.kz/