«Иудейлер мен мұсылмандардың қоғамға қызмет күні»

0

Астана. 28 желтоқсан. KAZISLAM – Биыл АҚШ-тың Сент-Луисе қаласында сегізінші жыл қатарынан «Иудейлер мен мұсылмандардың қоғамға қызмет күні» өтті. Шараға екі тараптың жүздеген белсендісі қатысты.

«Мен бұл күнді асыға күтемін. Адамдарға жақсылық жасау арқылы рахаттанамын. Сен қоғамда қалыптасқан кері түсініктерді жоясың, өзге жағдайда танысқың келмеген адамдардың арасынан дос табасың» дейді акцияға қатысушы Кай Шерман.

Еске сала кетсек, 2011 жылы Сент-Луиси қаласының ислам қауымдастығы иудейлердің қоғаммен байланыс жөніндегі кеңесімен бірлесіп «Қоғамға қызмет көрсету» күнін бастаған еді. Алғашқыда аз ғана иудей мен мұсылмандардан басталған шараға бүгінде христиан еріктілері де қосыла бастады, деп жазады StLouis Today. Соңғы жылдары шараның ауқымы кеңейіп, мұсылмандар мен иудейлер түскі астар ұйымдастырып, христиандарды шақырып, жақынырақ таныстық жүргізуді қолға алды.








Дереккөз: http://kazislam.kz/