Индонезиядағы апаттан 4211 адам мерт болды

0

Астана. 13 желтоқсан. KAZISLAM – Индонезия елінде биыл болған табиғи апат салдарынан 4211 адам көз жұмған. Бұл туралы республиканың Төтенше жағдайларға қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілі Сутопо Пурво Нугрохо мәлімдеді, деп жазады Islam-today.

Өкілдің айтуынша, жыл басынан бері елде 2374 апат болып, оның салдарынан 4211 адам қаза тапқан. Табиғи апаттардан тағы 6940 адам зардап шеккен. 10 миллионға жуық адам баспаналарын тастап шығуға мәжбүр болған.

28 қыркүйек Индонезияның Сулавеи аралында магнитудасы 7,5 балдық жер сілкінісі, осыдан кейін Палу қаласында цунами болған. Уақиға салдарынан 2 мыңнан аса адам қаза тауып, 1,5 мың адамның мәйіті табылмаған.








Дереккөз: http://kazislam.kz/