Индонезияда рохинджа мұсылмандарын қолдау акциясы өтті

0

Астана. 11 желтоқсан. KAZISLAM – Индонезияның Жакарта қаласында Мьянма елшігілі алаңында рохинджа мұсылмандарын жаппай өлтіруге қарсы акция өтті. Кампанияны Мұсылман рохинджалықтарға ынтымақтастық ұлттық комитеті ұйымдастырды, деп хабарлайды Ansar.ru.

Акцияға қатысушылар Мьянма билігінің саясатына қарсы лозунгілер көтеріп, Ракхайн штатында қысымға ұшыраған мұсылмандарға қолдау көрсетті. Олар Мьянма мұсылмандарына зорлық-зомбылық жасау тоқтатылуын талап етті.

«Біз әлемдік қауымдастықтар назарына бұл жағдайды мұсылман рохинджалықтарға қарсы қылмыс деп қарауды ұсынамыз. Мұсылман рохинджаларға қатысты күрделі мәселені БҰҰ Бас ассамблеясы күн тәртібінен алып тастағанына таң қалып отырмыз» деп атап өтті ұлттық комитет басшысы Ибну Хажар.








Дереккөз: http://kazislam.kz/