Иманмен теңдес ілімдер – иман деген не?
«Иман» сөзі «біліммен» тең, білім болмаса иманға кепілдік жоқ.
«Иман» сөзі «жақсылықпен» тең, жақсылық жасамасаңыз иманның нұрлы әлемін сезіне алмайсыз.
«Иман» сөзі «адамгершілік, ахлақпен» тең, егер адамгершілік пен моралы жоқ кісінің иманы кемел болмайды.
«Иман» сөзі «ар-ұятпен» тең, ары мен ұяты жоқ кісі иманды сақтай алмайды.
«Иман» сөзі «адалдықпен» тең, адалдық болмаса иманның ләззатын ала алмайсыз.
«Иман» сөзі «ақиқатпен» тең, ақиқат айтылмаған жерде иманның даңқы өрлей алмайды.
«Иман» сөзі «тәубаға келіп, Алладан кешірім тілеумен» тең, күнәлары үшін тәуба етпеген кісінің иманы толық болмайды.
«Иман» сөзі «сабырмен» тең, сабыр болмаған жерде иман кемелдікке жете алмайды.
«Иман» сөзі «қарапайымдылықпен» тең, мұсылманның қарапайым болмағы оның иманының саф, таза екенінен белгі бермек-дүр.
«Иман» сөзі «Алладан қорқумен» тең, Алладан қорықпаған кісінің иманы қорғансыз.
М.Әуелханұлы