Имам Мәликтің Имам Шафиғиға қойған сұрағы

0
207

Күндердің күнінде белгілі ғалым Имам Мәлик Имам Шафиғиға былай деп хат жолдайды:

— Құрметті Имам, діндегі «парыз» туралы не айтасыз?

  • Парыздың парызы деген не?
  • Парыз емес намаз қандай намаз?
  • Қандай жағдайда намаз оқымау парыз болады?
  • Қандай жағдайда намаз толық болмайды?

Бұл хатқа Имам Шафиғи былай деп жауап берген екен:

  • Парыз дегеніміз – ол бес уақыт намаз.
  • Парыздың парызы – ол дәрет алу.
  • Парыз емес намаз – кәмелетке толмаған пенденің намазы.
  • Адам ішімдік салдарынан есін жоғалтқан сәтте намаз оқымау – парыз.
  • Намазда ардақты Пайғамбарға (с.а.у.) салауат айтпаған жағдайда намаз толық болып саналмайды.

Жалғас АСХАТҰЛЫ,

 дінтанушы








Дереккөз: http://kazislam.kz/