Иерусалим мәртебесі – бүкіл адамзаттың мәселесі
Астана. 20 желтоқсан. KAZISLAM – Иерусалим – күллі мұсылмандар үшін Мекке мен Мәдина сынды маңызды орын. Бұл туралы Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Стамбулда өткен конференцияда мәлімдеді, деп жазады Anadolu агенттігі.
Түрік басшысы қаланың халықаралық мәртебесін сақтаудың маңыздылығын бүкіл адамзаттың мәселесі деп атап өтті. «Түркия мен түрік халқы атынан Иерусалимнің мәртебесін қорғауға атсалысқандардың барлығына ризашылық білдіремін. Олар осылайша адамзат құндылықтарын қорғайды» деді Ердоған.
Ердоған өз сөзінде Израиль саясатын сынға алды. «Израиль соңғы 50 жылда Иерусалимдегі ислам тарихын өшіруге тырысып келеді. Алайда бұл бос әурешілік» деді ол.
Түркия президентінің айтуынша, Израиль дипломатиялық корпусты осы қалаға көшіру арқылы оның мәртебесін өзгертуді көздейді. Дегенмен, «Израиль өзін-өзі алдап отыр» дейді Ердоған.
Дереккөз: http://kazislam.kz/