Хромтау имамдарына қызметтік пәтер салынады

0
146

Жыл аяқталуға таяса да, жұмыс қарқыны бәсеңдер емес. Хромтау аудандық «Нұр» мешіті жаңа құрылыс жобаларын жоспарлап отыр,-деп хабарлайды Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі. 

Оның бірі – имамдарға арналған 2 пәтерлі қызметтік баспана. Сондай-ақ, қайырымдылық дүкені мен сауат ашу курсына арналған сынып бөлмесі салынбақ. Бүгінгі таңда құрылыстардың эскиздік жобалары сызылып, орны белгіленулі.

Бұл туралы ҚМДБ Ақтөбе өкілдігінің көшпелі отырысында айтылды. Онда ауданның Бас имамы Алмат Әли 2018 жылы атқарылған жұмыстарды баяндады. Соның ішінде, мешіттегі қайта қалпына келтіру шараларына тоқталды. Жуырда аудан әкімінің қолдауымен аудан мешіті жанындағы асхана құрылысы қайта жанданды. Сондай-ақ,мешіт ауласына жалпы көлемі 500 шаршы метр тас төсеніштер төселуде.