Ханафи мәзхабы бойынша ит асыраудың үкімі қалай? Және итті сатуға бола ма?

0

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Ханафи ғұламасы Ибн Һумам былай деген:

«Итті аң аулау үшін, мал мен үйді қарауылдау үшін және егісті қарауылдау үшін ұстауға болады. Мұнда ғұламалар арасында ижма бар. Әйткенмен, үйінде тек ұрлықшылардан немесе дұшпандардан қорқатын болса ғана ит ұстағаны дұрыс (ал, ондай қорқыныш болмаса, ұстамаған абзал). Сахих хадисте былай делінеді: «Кімде-кім, аңшы иттен немесе қойшы иттен басқа ит ұстайтын болса, оның сауабынан әр күні екі карат (шамамен жарты граммдай) көлемінде сауап кеміп отырады»[1] .  

Демек Ханафи мәзхабы бойынша, итті:

1. Қойшыларға

2. Диқаншыларға

3. Жəне де ұры-қарыдан қорғану мақсатында үйінде асырауға болады екен. 

Бүгінде ит асыраудың алаңы біраз кеңейген. Мысалы, қазіргі таңда сақшылар, шегарашылар, полицейлер арнайы үйретілген иттерді пайдаланып жатады.  Бұған да шариғи тұрғыда рұқсат деуге негіз бар.

Ит сатуға бола ма?

Имам Сәрәхси былай деген:

«Адамға пайдасын тигізетін иттерді сатуға рұқсат. Олар: аң аулайтын иттер, егісті күзететін иттер және мал күзететін иттер. Абдулла ибн Омардан жеткен хадисте: «Алла елшісі итті сатуды тыйды. Тек аң аулайтын итті, егіс күзететін итті және мал күзететін итті сатуға рұқсат берді» деген»[2].  

Абдусамат Қасым