Хайыз кезінде сүрелерді жаттай беруге бола ма?

0

Сәлеметсіз бе! Пайғамбарымыз (с.а.у. ) хайызы келген әйел кісіні Құран оқудан тыйды[1]. Сол себепті, мәзхаб ғұламаларының басым көпшілігі хайызы келген әйел кісіге Құран оқу харам деген.

Әйтсе де, Мәлики мәзхабындағы ғұламалар қажеттілікке сүйене келе Құран үйренуші әйел мен үйретуші мұғалимаға хайыз кездерінде де Құран оқуға және оны ұстауға рұқсат деген пәтуа бекіткен. Дегенмен бұл пәтуаның медресе немесе үй жағдайына қатысты екендігін айта кеткен жөн. Себебі, аталмыш мәзхабта да хайызды кезінде мешітке кіру — күнә, тек жанға не мал-дүниесіне қауіп төнген кезде болады[2].

Осыларды қорыта айтар болсақ, егер, сіз Құран үйретуші мұғалима немесе діни оқу орнында оқитын оқушы болсаңыз, хайыз келгеніне қарамастан қажеттілік себепті, Құран сүрелерін оқып және оны жаттауыңыз күнә емес. Ал, басқа саладағы әйел кісі үшін ондай жағдайда Құран оқуды және оны жаттауды кейінге қалдырғаны дұрыс[3]. Ең дұрысы — Аллаға мәлім! 

Абдусамат Қасым