Германияда мұсылмандар саны күн санап көбеюде

Астана. 16 қараша. KAZISLAM – Германияда өмір сүріп жатқан мұсылмандар саны күн санап өсе түсуде. Дәл қазіргі уақытта елдегі мұсылмандар туралы статистиканы ешбір ведомство нақты көрсете алмай отыр. Бұл туралы Zeit-Online неміс газеті жариялады.
Басылым мәліметінше, бұған дейін ГФР канцлері Ангела Меркель Германияда ислам дінін ұстанушы азаматтар саны 4-4,5 млн адам деген деректі хабарлаған еді. Бұл шамамен халықтың 5,5%-ын құрайды. «Германия үшін альтернатива» партиясы өз кезегінде осы 5 миллион мұсылман саны уақыт өткен сайын көбейіп келе жатқанын мәлімдейді.
Ал Tichys Einblick журналы республикада шамамен 6-8 миллион мұсылман бар екенін жазады. Сонымен қатар институтының сауалнамасына сүйенсек, 2014 жылы Германияда 16 миллион мұсылман болуы мүмкін. Бұл жалпы халықтың 19%-на тең келеді.