Франция Сириядан 130 адамды қабылдайды

0

Астана. 31 қаңтар. KAZISLAM – Франция Сирияда ДАИШ террористік ұйымына қатысы бар деген күдікпен ұсталған 130 ер мен әйел адамды қабылдайды. Бұл туралы елдің ішкі істер министрі Кристофор Кастанер хабарлады, деп жазады Islam-today.

Террористер тарапында қарулы соғыстарға қатысты деген күдікке ілінген француз азаматтарын алдағы аптада ұшақ арқылы елге жеткізеді. Келгеннен кейін олардың барлығы сот алдында жауап береді.

Қазіргі уақытта ұсталған азаматтар лагерьде күрді әскериле бақылауында тұр. Олардың басым бөлігінің есімдерін арнайы қызмет өкілдері анықтаған.

Айта кету керек, Францияда бүгінде ресми деректер бойынша ДАИШ ұйымына байланысы бар 500-ге жуық адам тұрады.








Дереккөз: http://kazislam.kz/