Еуропаның Құран жарысы сәуір айында өтеді


Гамбург Ислам орталығының хабарлауынша, VII Еуропа Құран оқу және азан айту жарысы осы жылдың 12-14 сәуір күндері Гамбург қаласында өткізілмек.
Аталмыш жарыстың мақсаты – Құран мәдениеті мен тағылымын кеңге жайып, қарилардың көбеюіне сеп болу, сондай-ақ адамдарды Құранға жақындатып, Еуропа жұртшылығын Құран Кәрімге қызықтыру болмақ. Жарыс жеңімпаздарын қомақты сыйлықтар күтіп тұр. Атап айтқанда, Құранды мәнерлеп оқу бойынша бірінші орынға – 1500, екінші орынға – 1200 және үшінші орынға – 1000 еуро көлемінде ақшалай сыйақы табысталмақ.
Дереккөз: http://kazislam.kz/