Еуропаның ең үлкен мешіті  (ФОТО)

0
276

Францияда 2018 жылы іргетасы қаланған, 3 жарым жылда ашылуы жоспарланған Страцбург қаласындағы Аюб Сұлтан мешіті 3 мың 500  адамдық ғибадат орны болмақ. Орталығы Германияның Көлн қаласында орналасқан Ислам Қоғамы Ұлттық Пікір (IGMG) ұйымы тарапынан жүзеге асып жатқан бұл жоба жайлы осы ұйымның төрағасы Кемал Ергүн былай дейді:

«Мешітіміз Балқан елдерін де қосқанда Еуропаның ең үлкен мешіті болмақ. Мешіт түгелдей Османлы стилінде салынады. Тек ішін ғана есептесек, бір сәтте 3 мың 500 адам намаз оқи алады. Ал ауласын қоса есептегенде 5 мың адамға дейін бір сәтте намаз оқи алатындай алаңы бар».

Мешіт тек ғибадат үйі ғана болмақ емес, сонымен қатар көп фунционалды бір кешен болмақ. Атап айтсақ, мешіттің айналасына мәдениет үйлері салынбақ, ауласында мейрамхана, әйелдерге, жастарға және қарттарға арналған орындар, Исламтану орталықтары, балабақша, бастауыш және орта мектептері, Ислам институты секілді ғимараттары да болады.

«Көне мәдениетіміздің көрінісі ретінде Анадолы мәдениетіміздің қолөнер туындылары үшін де алаңдар бөлінеді», – дейді Кемал Ергүн. Мәдениет үйлерін қоса есептегенде мешіт 14 мың 500 шаршы метрлік аймақты алып жатыр. Әрі Еуропа Парламентіне бірнеше километрлік жақын қашықтықта орналасқан.

«Мұсылмандармен қатар, бұл қоғамдағы басқа да адамдарға Ислам туралы ақпараттармен қамтамасыз ететін орталық болмақ», – дейді ұйым төрағасы.








Дереккөз: http://kazislam.kz/