Еуропа Қытай инвестициясынан қорғануға көшті

0

13 минут бұрын
3

islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Бюджет жөніндегі еурокомиссар Гюнтер Эттингер Қытай қаржыландыратын, Еуропалық одақтың ортақ мүддесіне қайшы келетін кәрі құрлықтағы инфрақұрылымдық мәмілелерді бұғаттау құқығын беруді талап етті. Бұл жайында Deutsche Welle ақпарат көзі хабар таратты. Ол бұл мәлімдемесін Италия билігінің тарихи Жібек жолының осы заманғы нұсқасына баланған «Бір белдеу — бір жол» ғаламдық жобасына қосылатынын мәлімдегеннен кейін жасады. Сәл шегініс: Жібек жолы тарихи маңызын жаңғырту халықаралық сауда-саттық пен интеграцияға серпін беруі тиіс. Десе де әлемнің көптеген елдері аталған жоба бойынша мәмілелерді тоқтатып жатыр. Бұған, біріншіден, қаржының жетіспеушілігі немесе тым қымбатқа түсетіні себеп болса, екіншіден, Қытай инвесторлары тарапынан ашықтықтың болмауы мен Қытай экспанциясының артуы түрткі болуда. Еуропалық Одақ қытайлардың ғаламдық жобасына әу бастан қарсы. Қытай ықпалын арттыратын жоба болғаны үшін. Аталған жобада негізінен осы жобаға қатысушы мемлекеттердің маңызы зор стратегиялық насындары (теміржол, электрмен жабдықтау, айлақтар, т.б.) тартылады. Бұл қытай тарапынан төнетін қауіпті арттырмақ. Әлемнің, дәлірегі, Азияның, Еуропаның, Африканың және Таяу Шығыстың 60-тан аса елін қамтыған жоба өз кезегінде батыс елдерінің бас ауруына айналып отыр. 

islam.kz