Ертісте балық аулауға тыйым салады

0

ҚХР-ның Ресей және Қазақстанмен шектесетін Алтай округінің билігі флора мен фаунаны сақтап қалу мақсатында Қара Ертіс пен тағы басқа 54 өзенде балық аулауға бір жылға тыйым салу туралы шешім қабылдады. Бұл жөнінде ҚазТАГ порталы хабарлады. 

«Біз балық қорын қалпына келтіру, өзендегі тіршілік иелерін қорғау, сондай-ақ, ондағы флора мен фауна өкілдерінің көптүрлілігін кеңейту мақсатында тыйым енгізіп отырмыз», — деді билік өкілі. 

Уылдырық шашу кезіндегі балық аулауға маусымдық тыйым салу Қара Ертіс пен өңірдегі басқа да өзендерде 13 жылдан бері 1 сәуір мен 30 маусым аралығында енгізіліп келді. Бұл ондағы алабұға, құртқа, мөңке балық, сұлұталма, таймень және басқа да балық популяциясын ұлғайтуға мүмкіндік берді. Алайда, осы жылы округ үкіметі тыйым мерзімін бір күнтізбелік жылға дейін арттыру жөнінде шешім қабылдады. 

Дәл осы кезде Алтай қытайлық округінің билігі браконьерлік және заңсыз балық аулаумен күрес жүргізу шараларын күшейтті. 2018 жылы Қара Ертісте заңсыз балық аулаудың 12 фактісі анықталды. 1,9 млн тоннадан астам балық суға қайта жіберілді.

islam.kz