Ердоған Пайғамбар (с.ғ.с.) туған айдың келуімен құттықтады

0
98

Астана. 19 қараша. KAZISLAM – Кеше Стамбұл қаласында Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның қатысуымен «Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) туған аптаға» арналған іс-шара басталды.

Шараның салтанатты ашылу рәсімінде Режеп Ердоған жастарға қамқорлық танытпаған ұлттың тәуелсіздігі мен болашағы қауіп-қатерге ұшырайтынын мәлімдеді. Ол сондай-ақ, Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) өмірі өскелең ұрпақ үшін үлкен үлгі екенін атап өтті.

«Сүннет пен пайғамбар сирасы (ғұмыры) болмаса исламның мәні жоқ. Мұсылман баласының Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.)  өмірімен байланысы оның дінмен байланысының қаншалықты күшті екенін көрсетеді» деді Түркия президенті. Айта кетсек, «Пайғамбар (с.ғ.с.) туған апта» шарасы 24 қарашаға дейін жалғасады.