Ердоған мен Меркель Сирия мәселесін талқылады

0

Астана. 4 қаңтар. KAZISLAM – Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Германия канцлері Ангела Меркельмен телефон арқылы тілдесті, деп хабарлайды түрік республикасы басшысы әкімшілігінің баспасөз қызметі.

Екіжақты ынтымақтастық байланыстармен бірге қос президент Сириядағы ахуалды, Еуропаға ағылған босқындар мәселесін және терроризмге қарсы күрес тақырыптарын талқылады.

Тараптар тілдесу барысында Сирия бойынша Стамбул саммитінде қол жеткізілген шешімдерді іске асырудағы диалогтарды жалғастыруға уағдаласты. Ердоған мен Меркель Сириядан әскер шығару туралы АҚШ шешімі процестерін жіті бақылау туралы пікірлесті, деп жазады Анадолу агенттігі.








Дереккөз: http://kazislam.kz/