Ердоған – әлемдік лидер

0

Астана. 3 қаңтар. KAZISLAM – Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған «2018 жылдың әлемдік ықпалды тұлғалары» рейтингінде көш бастады. Бұл туралы араб әлемінің Rassdnews медия желісі жариялады.

Сауалнамаға жалпы саны 300 мыңнан аса адам қатысып, олардың басым бөлігі (77%) Түркия президенті Режеп Ердоғанға дауыс берген. Екінші орынды Египеттің бұрынғы президенті Мұхаммед Мурси алды.

Әлеуметтанушылар бұған қоса респонденттерден өткен жылдың басты оқиғасы туралы сауалнама жүргізген. Респонденттердің басым бөлігі Сауд Арабиясы журналисі Жамал Хашкаджидің Стамбул елшілігінде өлтірілуін маңызды оқиға деп бағалаған.








Дереккөз: http://kazislam.kz/