Египет туу көрсеткішіне заңмен шектеу қояды

0

Астана. 3 қаңтар. KAZISLAM – 2019 жылдан бастап Египет парламенті елдегі туу көрсеткішін төмендетуге бағытталған заң жобасын қарайды, деп хабарлайды Islam-today.

Қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік комитеті басшысы Камад Амердің айтуынша, қазіргі уақытта құжатты комитет мүшелері әзірлеу үстінде.

Жаңа заң жобасы екі баладан көп емес отбасыларды қолдауға бағытталған. Нақты қандай артықшылықтар берілетіні әзірге хабарланбады.

Еске салсақ, Египет билігі халық санының көбеюі елдегі ұлттық мәселенің күн тәртібіне шыққанын бірнеше рет мәлімдеген еді. Болжамға сәйкес, 2019 жылы Египет халқының саны 100 миллион адамнан асады.








Дереккөз: http://kazislam.kz/