«Джебхат ан-Нусра» жауынгерлері Сирия әскеріне шабуыл жасады


Астана. 23 қаңтар. KAZISLAM – «Джебхат ан-Нусра» террористік ұйымының 400-ге жуық содыры «Идлиб» аймағындағы сириялық әскерге шабуыл жасады. Бұл туралы Baq.kz сайты ТАСС агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.
Сирияда жауласушы тараптарды ымыраға келтіру орталығының бастығы, генерал-лейтенант Сергей Соломатин журналистерге баяндап берді.
«Джебхат ан-Нусра» басқа жауынгерлері осы уақытта Абу-Духур және Абу-Шарджа аудандарындағы үкімет әскерлеріне шабуыл жасады. Әр бағытта 150-200 адамнан құралған топ 15-20 пикапқа мініп, пулеметтармен атқылаған», — деді Соломатин.
Оның айтуынша, Абу-Духур ауданында террористер автокөлікке отырғызып, жанкештіні қолданған.
«Террористер сириялық армияның қорғанысына қарай 1,5 км қашықтыққа дейін таяу келген. Содан кейін оларға қарай от атқылатып, тоқтатылды» деп қосты генерал.
Абу-Шарджи ауданында лаңкестер Сирия әскерінің оғынан кейін шегінген.
Ол Ымыраға келтіру орталығы түрік тарапымен өзара әрекет етіп жатқанын айтты. Абу-Духур мен Абу-Шарджи аудандарындағы жағдай туралы ақпарат шұғыл жетіп отыр.
Дереккөз: http://kazislam.kz/