Дубайда оқушылар онлайн-сабақ оқиды


Астана. 24 қаңтар. KAZISLAM – Біріккен араб әмірлігінің Білім және адам дамуы басқармасы тұңғыш рет Dwight Global Online School мектебіне онлайн-оқыту жүйесін іске қосуға лицензия берді, деп хабарлайды Islam.ru.
Бұл бастама Дубай 10X бағдарламасының Rahhal жобасы аясында жүргізіледі. Енді таяу уақытта әмірлік мектептерінде балаларды онлайн-білім алуға беруге болады. Айта кету керек, алдын ала болжам бойынша онлайн-сабақ ақысы кәдуілгі оқу ақысынан арзан болады.
KHDA шығармашылық және инновация бөлімінің басшысы Хинд әл-Муалланың айтуынша, жаңа жоба алғашқы тоғыз айда тестік режимде жүзеге асырылады. Жоба туралы толық мәлімет тестік маусым басталғанда жарияланбақ.
Дереккөз: http://kazislam.kz/