Дубай ханзадасы Роналдумен түскен фотосын жариялады

0

Астана. 4 қаңтар. KAZISLAM – Дубайдың мұрагер ханзадасы Хамдан бин Мохаммед Аль Мактум өзінің Instagram парақшасында әлемдік футбол жұлдызы Криштиану Роналдумен түскен фотосын жариялады.

Селфи футболшының Дубайға Globe Soccer Awards ісшарасына қатысуға келген уақытында түсірілген. Шарада оған «2018 жылдың ең үздік футболшысы» марапаты берілді.

Дубай ханзадасы фотосуреттің астына «Тамаша ойынша және ең жақсы дос» деген жазба қалдырған.

Еске сала кетсек, Globe Soccer Award марапат рәсімі жуырда ғана Дубайда өтті. Жоғары марапат Еуропа ассоциация клубы мен Еуропа футбол агенттігі ассоциациясымен бекітілген.








Дереккөз: http://kazislam.kz/