Дубай асты ысырап етпеу жолын тапты
Астана. 16 қаңтар. KAZISLAM – Дубай ас-тағамдарды ысырап етпеу тәсілін тапты. Al Barsha ауданында орналасқан Gulou Hotpot мейрамханасында тамақты ысырап етіп тастауға қарсы ерекше күрес жолы пайда болды, деп жазады Islam.ru.
Енді осы мейрамханаға тамқатануға келген қонақ желінбей қалған тамағы үшін 50 дирхам (13 доллар) қосымша төлеуі тиіс. Мейрамхана әкімшілігінің мәлімдеуінше, бұл шара азық-түлік шығынын азайтып, тұтынушылар асқа тапсырыс бергенде ойланып шешім қабылдауына әсер етеді. Жаңа «айыппұл» ыстық тағамдарға жүреді. Бұл қатарға сорпа, ет, балық, жеміс-жидектер мен десерттер де кіреді. Егер осы тамақтарға тапсырыс берген қонақ оны тауысып жемесе қосымша 50 дирхам төлеуі міндеттеледі.
Дереккөз: http://kazislam.kz/