Дубай – әлемнің таңдаулы қаласы
Астана. 5 қаңтар. KAZISLAM – Дубайдың Туризм және коммерциялық маркетинг департаменті туристер қатарын көбейтуге, олардың әмірліктегі саяхатын ұмытылмастай етуге бағытталған бірқатар жаңа бастамаларды таныстырды.
Туризм тұжырымдамасы 2022-2025 жылдарға жоспарланған. «Тек қана Дубайда» (Only in Dubai) деп аталатын жоба аясында жыл сайынғы туристер қатары 25 млн адамға есептеліп, Дубай әлемнің ең таңдаулы қалаларының бірі атанбақ.
Only in Dubai арнайы бағдарламалар мен ерекше ұсыныстарды, оның ішінде туристер үшін күтпеген жаңалықтарды қамтитын көптеген жобаларға негізделген. Сондай-ақ, мұнда әр саяхатшы сегментіне арналған жекелеген бағдарламалар жасақталатын болады.
Дереккөз: http://kazislam.kz/