Дінімізде бір мұсылман орыстың шіркеуін тұрғызу жұмысына жалдана ала ма?

0

Уағалейкумуссәәләм уә рахматуллаһ уә бәракәтуһ!

Ханафи мәзхабы бойынша, шіркеуді немесе синагоганы тұрғызу жұмысына қатысудың ағаттығы жоқ. Өйткені, құрылыс жұмысының өзін алып қарағанда, күнә емес. Осыған қарағанда, сіздің  құйматас жасап, оны шіркеудің құрылысына сатуыңыздың немесе жұмысқа жалдануыңыздың күнәсі жоқ. Бұған байланысты Ханафи кітаптарында былай делінген:

«Бір мұсылманның синагогада (шариғатқа теріс келмейтін) жұмыс істеуге немесе синагоганы қалпына келтіру, оны тұрғызу жұмыстарына жалдануына болады. Өйткені жеке алып қарағанда, жұмыстың өзінде күнәлі ешнәрсе жоқ»[1].

Абдусамат Қасым