«Діни ақпарат көздерін» енгізу мәселесі талқыланбақ

0
95

2018 жылдың 16 қарашасында Алматы қаласында «Қазақстандық исламтану мектебін дамытуға қатысты зерттеу жұмыстарын жүргізу» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді деп жоспарланған.

Жиынды ҚР Қоғамдық даму министрлігі және Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының қолдауымен «Рухани құндылықтарды қолдау қоры» корпоративтік қоры мен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы ұйымдастырып отыр.

Дөңгелек үстелде зерттеудің нәтижелерін талқыланып, «Казақстандық исламтану мектебін дамыту бойынша зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру» жобасының шеңберінде ғылыми айналымға жаңа діни ақпарат көздерін енгізу мәселесі қозғалмақ.

Аталмыш шарада Әбсаттар қажы Дербісәлі, Алау Әділбаев, Қайрат Құрманбаев, Досай Кенжетай, Төреәлі Қыдыр, Мұхан Исахан, Имамумади Түсіпхан, Рәшид Мұхитдинов, Ақмарал Сатыбалдиева және т.б. ғалымдар қатысып, баяндама жасайды. 

Сонымен қатар, дөңгелек үстелге танымал дінтанушылар, ғылыми-сарапшылық қауымдастық өкілдері және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдері қатысады. 

 Өтетін орны: Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы 73, «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің  конференц-залы (205 кабинет).

Уақыты: 14.00 – 17.00 с.

Қосымша сұрақтар бойынша: 8702 150 8424, 8702 891 0649.