ДАИШ қылмыстарын зерттеу тобы құрылды

0

Астана. 6 желтоқсан. KAZISLAM – 2019 жылдан бастап Иракта БҰҰ-ның ДАИШ террористік ұйымы қылмыстары бойынша арнайы тергеу тобы жұмысын бастайды. Бұл туралы әлемдік ұйымның Қауіпсіздік кеңесінің жиынында БҰҰ бас хатшысының арнайы кеңесшісі және топ жетекшісі Карим Асад Ахмад Хан мәлімдеді.

Оның айтуынша, қазір тергеу шараларына қарқынды дайындық жұмыстары жүргізілуде. ДАИШ қылмыстарын тергеу бойынша жаңа мәліметтерді ол келер жылдың наурыз айында жариялауға уәде берді. Тергеу тобы тәуелсіз және өз жұмысын халықаралық қауымдастықтың қолдауымен жоғары деңгейде жүргізетін болады.