БҰҰ сириялық босқындарға көмектесуге шақырды

0

Астана. 13 желтоқсан. KAZISLAM – БҰҰ барлық халықаралық ұйымдарды 2019 жылы сириялық босқындарға көмектесу үшін 5,5 миллиард доллар жинауға шақырды.

Женева қаласында өткен баспасөз конференциясында БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі Жоғары комиссары басқармасының аймақтың басшысы Амин Авад осындай мәлімдеме жасады, деп жазады Ansar.ru.

Амин Авад Сириямен көршілес елдерде, Түркия, Иордания мен Ливанда 5,65 миллион сириялық босқын бар екенін атап кетті. Ол сондай-ақ, Түркия әлем бойынша босқындарға пана болған ел екенін жеткізді.

Аймақтық басқарма басшысының сөзінше, Түркияда 3,6 миллион сириялық босқын тіркелген. Бұдан бөлек Түркияда осы уақыт аралығында 700 мың сириялық сәби дүниеге келген. Бұл көрсеткіш те әлем бойынша жоғары болып отыр.

Сириядағы соғыс 2011 жылдың наурыз айында басталған. БҰҰ деректеріне сәйкес, соғыс жылдарында 400 мыңнан аса адам қаза тауып, 10 миллионнан аса тұрғын босқын атанған.








Дереккөз: http://kazislam.kz/