БҰҰ Хашкаджидің өліміне саудиялық ханзада айыпты деп санайды
Астана. 4 ақпан. KAZISLAM – Стамбулдағы БҰҰ сарапшылары Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы Мұхаммед бин Салманды саудиялық оппозициялық журналист Жамал Хашкаджиді өлтіруге қатысты басты ұйымдастырушы деп санайды. Бұл туралы Түркия президентінің кеңесшісі Ясин Актай мәлімдеді, деп жазады Islam-today.
«Хашкаджи өліміне қатысты БҰҰ басты күдікті ретінде мұрагер ханзада деп таниды» дейді Ясин Актай. Ал тергеу істеріне қатысты ол «Сауд Арабиясына сенудің қажеті жоқ» екенін атап кетті.
«Рияд әділ сотқа көмек бермейді және іске қатысты кейбір тұлғаларды жабумен ғана айналысып келеді» деді Актай.
Еске сала кетсек, саудиялық дипломаттар Жамал Хашкаджи өлімін зерттеу мақсатында келген БҰҰ сарапшыларын қылмыс болған орынға, яғни дипломатиялық миссия территориясына кіргізуден бас тартты.
Дереккөз: http://kazislam.kz/