Бүгінгі ұрпақтың міндеті не?

0

Ақыл есі дұрыс балиғат жасқа толған адамға, Алла Тағаланын бұйрықтары, яғни парыз амалдар жүктеледі. Олар: Кәлима шаһадат, намаз, ораза, зекет қажылық болып табылады.

2019 жыл-Жастар жылында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы да  жастарға имамни тәрбие беру ісін басты бағытта қоюда.  

Әрбір тәрбиесі бар, иманды азамат болашақты және ақыретті ойлайды. Қазіргі тілмен айтқанда жас буынға ислами фундамент енгізу керек.  Балиғат жасқа толмай ақ, жас ұрпақтарды ислами құндылықтарына, иман негіздеріне, әдепке бала кезінен үйрету керек. Кейін сол жастарымыз харамнан алыс болады, жас кезінен ненін адал ненін харам екенін біледі. Бірақ қазіргі танда басқаша, мысалыға айтатын болсақ: бүкіл жаманшылықтын көзі,  бірі арақ, темекі, насыбай, ұрлық, адам өлтіру, зина жасау, несие алу, қарызға бату соның зардабынан өз-өзіне қол жұмсау —  қазіргі 21 ғасырдын көрінісі.

Өкінішке орай қазіргі жастарымыздың көбісі ұялы телефонмен  немесе компьютер ойынымен, интернетпен өткізеді. Бұл жастардың тәрбиесі мен денсаулығына кері әсер етеді.  Болашақта өсе келе жастарымыздын көру қабілеті, физикалық күші нашарлайды. Ойлау қабілеті төмендейді.

Ал енді күнделікті үй шаруашылығы тазалықты сақтау ас әзірлеу соған икемдері болмайды. Бәріміздің білуімізше медальдың екінші жағы болады. Ол дегеніміз -қоғамдағы адамдармен туған-туысқандармен қарым-қатынасын үзбеу және жақсы мәміледе болу. Мысалы үлкендерді сыйлау уәдеде тұру, аманатқа қиянат жасамау. Тәрбие — бәрі дінде өзіміздің салт- дәстүрімізде бар екені баршамызға мәлім. Шешім балиғат жасқа толмай, ислами құндылықтарды үйрету арқылы, ол  салиқалы ұрпақ болып,  ата- анасына еліне деген сенімді азамат бола алады.

Біз болашақта келер ұрпақты шыншыл, сабырлы, көркем мінезді, әдепті, кішпейіл,күш қуатты, отан сүйгіш, Құран Кәріммен хадиспен, салт дәстүрімен амал ететін ұрпақ күтеміз.

Аталарымыз  осыдан  мың  жылдай  бұрын тек  қана  исламды  таңдаған. Олай  болса, сол  асыл  діннен  бізді ешкім  ажырата  алмайды. Ол  біздің  қанымызда,  жанымызда. Елбасы  Н.Ә.Назарбаев  айытқандай,  «тегіміз – дініміз – ислам»  екенін  ешқашан  ұмытпаймыз.  Сол  себебті  діни-рухани  мұрамызды да  осы  тұрғыдан  зерделеу  қажет  деп  есептейміз.  Олай  болса,  рухани  өмірдегі  ислам  діні  мен  мәдениетінің  алатын  орны  бөлек.  Сондықтан да  исламның  мешіт,  медреселерін  ғана  емес  өзгеде  інжу-маржан  асыл  құндылықтарын  ардақтау,  оны  игеру,  қорғау,  ілгері  дамыту – бүгінгі  ұрпақтын  үлкен  міндеті.

 

«Қасым Қажы» мешітінің имамы

Сыздық Ермек Қуатұлы