Британияда нашид жазатын студия ашылды

0

Астана. 24 қаңтар. KAZISLAM – Ұлыбританияда әлем бойынша тұңғыш нашид жазуға арналған дыбыс студиясы ашылды.

Студия жобасын Лидс университетінің студенті Сафия Хафиджи жас кәсіпкерлерге гранты негізінде ұтып алған. Жиырма жасар қыз өз жобасын Enlighten Records деп атаған, деп жазады Islam-today.

Қазіргі уақытта Сафия Хафиджи келісім жасау үшін талантты нашид орындаушы жастарды іздеу үстінде. Ол осылайша әлемдегі мұсылман халқының рухани музыка өнеріне деген қызығушылықты арттыруды мақсат етеді.

Нашид – Жаратушыны мадақтайтын мұсылман халқының діни әуендері. Соңғы жылдары нашид жанры әлемде кең танылып келеді.








Дереккөз: http://kazislam.kz/