«Біз халифаттың 99%-ын жойдық»


Астана. 9 қаңтар. KAZISLAM – АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео америкалық әскер ДАИШ террористік ұйымының 99%-ының көзін жойғанын мәлімдеді. Бұл туралы америкалық сыртқы саясат ведомствосының баспасөз қызметі хабарлады.
«Біз халифаттың 99%-ын жойдық… Әрбір жаңалықты осыдан бастау керек. Дұрыс қой? Бәріңіз келісесіздер ғой?» деді Помпео. Оның айтуынша, Таяу Шығыстағы АҚШ кампаниясы «өте табысты» өткен. Помпео радикалдардың күш алуына АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обама кінәлі екенін, енді Құрама штат радикалдардың күшеюіне жол бермейтінін атап кетті.
Айта кетсек, АҚШ мемлекеттік хатшысы Таяу Шығыстағы сапар жасап, 8-9 елді аралап, «бір-екі идеясын» ұсынбақ ниетте. Оның сөзінше, бірінші идея – АҚШ-тың таяушығыстық одақтастары америкалықтардың Таяу Шығыстан кетпейтінін түсіндіру.
Дереккөз: http://kazislam.kz/