Бір жылда 100 рет телефон арқылы талақ айтылады

0

Астана. 10 желтоқсан. KAZISLAM – Тәжікстанның Ислам орталығы мәліметтерінше, бір жылда 100 ерлі-зайыпты телефон арқылы жасалған талаққа байланысты шариғат сотына жүгінеді. Бұл туралы Asia plus ақпарат көзіне сілтеме жасап Ansar.ru сайты хабарлады.

Ерінен смс-хабарлама арқылы талақ алған әйел адамдар өз отбасын қорғауға әрі көмек сұрауға мәжбүр. «Менің күйеуім Ресейге жұмыс істеуге кетті, жыл өткен соң орыс әйелге үйленіп, маған смс-хат жазып, менімен енді тұрғысы келмейтінін айтты» дейді Мохира есімді әйел.

Ал Заринаның күйеуі түсінде өзімен ажырасқанын көрген.  «Күйеуім осы түсін тағдырдың белгісі деп санап, алайда маған бетіме айта алмай, смс-хатпен талақ берді» дейді Зарина.

Осындай мәселелермен ерлі-зайыптылар мүфтиятқа немесе Ғалымдар кеңесі сайтына хабарласып, телефон арқылы талақ туралы сұрайды. Тәжікстанда бұл мәселе ушығып тұр, себебі некелесушілердің басым бөлігі АХАЖ органдарын тіркелмей, діни неке қияды. 5 жыл бұрын Ислам орталығы телефон немесе смс-хабарлама арқылы талаққа тыйым салу туралы пәтуа қабылдау мәселесі қаралып жатқанын мәлімдеген еді. Алайда басқарма маманы Абдувохид Хамидов мәселе әлі қаралмағанын, пәтуа қабылданбағанын хабарлады.