Бір тәулікте 1 500 босқын Сирияға оралды

0

Астана. 4 қаңтар. KAZISLAM – Ливан мен Иордания елдерінен Сирияға бір тәулік ішінде 1,5 мың босқын оралды.

Бұл туралы соғысушы тараптарды ымыраластыру, босқындардың қоныстануын бақылау жөніндегі орталықтың ақпараттық бюллетенінде жарияланды, деп жазады РИА Новости.

Өткен тәулікте Сирия араб республикасына шетел территорияларынан 1561 босқын қайтып келген. Айта кету керек, ел ішінде өз үйлеріне бір тәулікте 232 адам оралған.








Дереккөз: http://kazislam.kz/