Бір сағаттық өмірің қалса…

0
75

Бiр кiсiден:

– Бiр сағаттық өмiрiң қалды десе, не iстер едiң? – деп сұраған екен, ол:
– Бiр сағат бойы тек қана намаз оқыр ем. Алладан жарылқау сұрар ем, – деп жауап берiптi.

 Осы сұрақты екiншi кiсiге қой­ғанда, ол:

– Бар малымды кембағалдарға таратып сауап жинап қалар едiм, – дептi.

Ал үшiншi адам:

– Мен алғашқы жарты сағатымды бiлiм жинауға жұмсар ем де, қалған жарты сағатымда сол бiлiмдi басқаларға үйретер едiм, – дептi.
Осы үшеуiнiң әрекетiнiң iшiнде ең қайырлысы, Алла  Тағалаға ұнамдысы – соңғы кiсiнiкi екен. Сондықтан, бiлiм үйренiп, оны елге тарату – әр мұсылманның парызы болып табылады.
Бiрақ мұндағы бiлiм деп отырғанымыз – пайдалы, пайдасыз ақпараттар жиынтығы емес, Алланы  тану, тақуалықты арттыру жолындағы iзденiс.

Ақырет күнiнде ислами көзқарастан ада, Алланы танудан алыс жатқан «ғалым­ға» бүкiл ғұмырын сарп етiп жиған iлiмi еш пана бола алмайды.