Берген қарызымды құмардан ұтқан ақшадан өтесе, оны алуға бола ма?

0

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Деректерге қарағанда, Ислам ғұламаларының көпшілігінің тұжырымы бойынша, дәл харамнан түскен ақшасын біле тұра алуға болмайды. Себебі Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Алла Тағала шарапты да, одан түскен табысты да харам етті. Өлексіні де, ақшасын да харам етті. Доңызды да, ақшасын да харам етті», — деген.

Ендеше, құмар ойынымен қоса, одан түскен табыс та харам саналғандықтан, біле тұра ол ақшаны алып, пайдалану — ғұламалардың көпшілігінің тоқтамы бойынша, харам болмақ.  

Десе де, Әбу Һурайра, Абдулла ибн Аббас, Абдулла ибн Омар, Әнәс ибн Мәлик сынды сахабалардан (р.анһум) хадис үйренген, атақты табиғин Мұхаммед ибн Сирин (р.а.) құмар ақшасынан өтелген ақшаны халал санағандығы деректерде айтылады. «Сахих иснәдпен» жеткен бір риуаятта Ибн Сиринға: «الرجل يقضى من الربا — Адамның қарызы өсімнен өтелді» делінген кезде Ол (р.а.): «لا بأس به — Ағаттығы жоқ» деп жауап береді. Тағы да оған: «الرجل يقضى من القمار — Адамның қарызы құмардан өтелді» делінеді. Онда да Ол (р.а.): «لا بأس به— Ағаттығы жоқ» деп жауап береді[1]. 

Абдусамат Қасым