Бельгия босқындарды қабылдаудан бас тартты
Астана. 10 қаңтар. KAZISLAM – Жерорта теңізінде құтқарылған екі кемедегі мигранттарды Бельгия билігі қабылдамай отыр, деп хабарлайды 24хабар.
Брюссель онсыз да бірнеше рет келімсектерді қабылдағанын мәлімдеп, Еурокомиссияның өтінішіне осылай деп жауап қайтарған. Естеріңізге сала кетейік, жуырда әскерилер Мальта жағалауында Еуроодақ елдеріне бет алған 180 мигрантты өлім аузынан аман алып қалған болатын. Ал таяуда Испания елі де 300-ге жуық келімсекті қабылдаған екен.
Дереккөз: http://kazislam.kz/