Бәсіре

0

Қазақ халқының әрбір жасаған әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері мағыналы, мазмұнды әрі тәрбиелі. Сондай салттың бірі ретінде бәсірені атай аламыз. Бәсіре – қазақ шаңырағында дүниеге ұл бала келгенде, сол күндері туған құлынды немесе ботаны нәрестенің бәсіресі деп атау салты. Қазақ халқының ұғымы бой-ынша, дүниеге келген баланың болашағы өзіне атаған бәсіремен тығыз байланысты. Яғни, бала туған кезде немесе есі кіріп, оң-солын таныған соң, «сүндет той-ына» немесе мектепке барғанда атасы немесе өз ата-анасы оған тай атайды. Оны «бәсіре» тай дейді. Бала оны ерекше күтімге алады, бағады, үйретеді. Және сол арқылы мал бағуға, еңбекке үйренеді. «Бәсіре» атау баланың көңілін өсіреді, өмірге бейімделе бастайды. Өз қатарына «бәсіре тайым бар» деп мақтанып жүреді. Мұның бәрі баланың көңілін өсіріп, ынталандырып тәрбиелеудің бір жолы.

Бәсіре атын мінбейді, сатпайды. Бәсіре мүмкіндігінше жүйрік, жорға әрі біреу болғаны дұрыс. Бәсірені баламен бірге қадағалайды, бұла қып өсіреді. Есейе келе бәсіресі бар баланың да малға деген ықыласы, пейілі түзу болады.

«Жастайынан бағып ем,

Бәсіре ғып торы тайым» (Х.Талғаров).

Сонымен қатар, есі кіріп 4-5 жасқа келген жас балаға да бәсіре тай тарту етіледі. Егер балаға арналған бәсіре аты үйретіліп, мінуге жарап тұрса, онда баланы соған мінгізеді. Салтанатты түрде үйретілген бәсіре тайға ашамай ерттелінеді. Кейде бәсіре тай белгілі бір себептерге байланысты мінуге жарамаса, баланың өзімен шамалас жуас, жүрісі жайлы, әрі сыр-сымбаты жарасқан кұнан не дөнен ат таңдалады.

Баланың сол қолына аттың тізгінін, оң қолына қамшы ұстатады, аналар шашу шашып, тілектерін ай-тады. Баланы атқа мінгізген жігіт атты ерттеп, көрші-колаң, ауыл-ауылды аралатады. Ашамайға мінгізу рәсімін өткізген бала келген үйдің бәрі шашу шашып, баланың киіміне үкі, шашақ, теңге, моншақ қадайды.

Бала шаршады-ау деген кезде үсті-басы әшекейге толып, ауылға қайтып оралады. Сол күні мал сойы-лып, ат шаптырылып, той жасалады. Ашамайға баланы мінгізіп, аттың басын жетектеген жігітке, бата берген ақсақалға әке-шешесі сыйлық береді.