Балиғатқа толмай намаз оқыған бала


Күндердің күнінде Омар ибн Хаттаб (р.а.) намазды жамағатпен оқу үшін мешітке ерте баруды әдетке айналдырған еді. Содан бір күні мешітке бара жатқанда жанынан балиғатқа толмаған бір бала ебіл-дебіл жүгіріп бара жатады. Сахаба Омар оны тоқтатып:
— Сен қайда асығып бара жатырсың?-дейді. Бала:
— Мешітке намаз оқуға. Мен әлі дәрет алған жоқпын, соны ертерек барып алып, жамағаттың алдынғы қатарында тұрсам деп едім,-дейді елтігіп. Омар таңдана:
— Сен әлі жассың ғой. Саған намаз парыз болған жоқ әлі,-дейді. Сонда әлгі бала:
— Күні кеше менен кішкентай көршімнің баласы дүниеден өткенін өз көзіммен көрдім. Содан өлім айтып келмейтінін біліп, намазды осы бастан оқып, өзімді өлімге дайындап жатырмын,-деген екен.
Жалғас АСХАТҰЛЫ,
дінтанушы