БАӘ тұрғындары смарфонға тәуелді

0

Астана. 4 желтоқсан. KAZISLAM – Біріккен араб әмірлігінде смартфон телефондарына тәуелділікті анықтау мақсатында мыңдаған тұрғын арасында сауалнама жүргізілді. YouGov / Omnibus зерттеу нәтижесінде БАӘ тұрғыны тәулігіне 6 сағатын смартфонға арнайтыны белгілі болды.

Әйелдер ер адамдарға қарағанда қалта телефондарына 1 сағат артық уақыт жұмсайды. Респонденттердің 43 проценті уақыттың көп бөлігі мәтіндік хабарламаларды оқуға немесе әлеуметтік желілер арқылы хабар алмасуға кететінін айтады.

Дәрігерлер бұл тенденцияға алаңдаушылық білдіреді. Өйткені смартфонға тәуелділік отбасындағы бала тәрбиесі, олардың тіл дамуы мен басқа да қабілеттерін дамытуға кері әсер етеді. YouGov жүргізген сауалнамада әмірліктегі 10 респонденттің 9-ы смартфон ұстайтыны, ал смартфоны жоқтардың 70 проценті телефон алуды жоспарлайтыны анықталды.