Атлант және Тынық мұхиттары жайындағы қызықты деректер

0

Құрметті оқырмандар Stan.kz ақпараттық агенттігі Атлант мұхиты жайлы сіз білмеген пайдалы, әрі қызықты деректер ұсынады.

Жаңа және ескі әлемді бөліп тұрған үлкен Атлант мұхиты ұзақ уақыт бойы теңіз саяхатшылары үшін еңсерілмейтін кедергі болды. Онда өткен дәуірдегі желкенді кемелері туралы айтпағанда, заманауи кемелердің өзіне қауіп төндіретін ғаламат дауылдар жиі болады. Сондай-ақ, Атлант мұхитының тереңдігі әлі күнге дейін зерттелмеген, себебі оны зерттеу өте күрделі.

Бұдан басқа Атлант мұхиты туралы көпшілігі біле бермейтін қызықты деректер жетерлік.

1. Оның аумағы әлемдегі ең ірі ел – Ресейдің аумағынан да 5 еседен астам үлкен.

2. Атлант мұхитының ең терең нүктесі 8,7 шақырым тереңдікте орналасқан.

3. Атлант мұхиты көлемі жағынан Тынық мұхитынан кейін екінші орынды алады.

4. Оның заманауи атауы ежелгі грек мифологиясының кейіпкерлерінің бірі Атлант титанның құрметіне қойылған. Яғни, Атлантида аралында тұрған Атлант титанның құрметіне осындай атау берілген.

5. Бұрын әртүрлі елдерде Атлант мұхиты, дәлірек айтқанда, оның кейбір бөліктері Батыс мұхит немесе Сыртқы теңіз деп аталды.

6. Оның орташа тереңдігі 3,7 шақырымнан асады.

7. Аңыздарға сүйенсек, кейінірек батып кеткен аты аңызға айналған Атлантида құрлығы Атлант мұхиты аймағында орналасқан.

8. Бұл мұхиттың суы басқа мұхиттарға қарағанда әлдеқайда тұзды.

9. Атлант мұхитын алғаш болып атақты еуропалық саяхатшы Кристофер Колумб кесіп өткен.

10. Атлант мұхиты Арктикадан бастап Антарктикадаға дейін, жердегі барлық климаттық аймақтардан өтеді.

11. Атлант мұхиты жыл сайын одан ауланатын балықтардың саны жағынан планетамыздағы ең үлкен мұхит Тынық мұхитынан да алда тұр.

12. Атлантикадан алғаш болып 1927 жылы америкалық ұшқыш ұшып өткен болатын.

13. 20-шы ғасырда Атлант мұхитын жылдам кесіп өткен кемелерге беретін “Көгілдір таспа” құрмет белгісін алу үшін көптеген компаниялар бәсекелесті.

14. Антарктиканың барлық мұздықтары Атлант мұхитының су көлемімен шамалас.

15. Дәл осы мұхитта әлі күнге дейін біздің әлемнің құпиялары болып табылатын әйгілі Бермуд үшбұрышы орналасқан.

16. Атлант мұхитының қарама-қарсы жағалауы бір-бірінен жылына бір жарым, екі сантиметрге алыстауда.

17. Атлант мұхитының түбіндегі телеграф кабелі 1847 жылы тартыла бастады және ондағы барлық жөндеу жұмыстарымен қоса кабель тарту бір жарым онжылдыққа созылды.

18. Ал жердегі ең үлкен арал саналатын Гренландия аралы дәл Атлант мұхитында орналасқан.

19. Ержүрек саяхатшылар Атлант мұхитын 5 рет әуе шарымен кесіп өтуге тырысты, бірақ олардың ешқайсысы аман қалмады.

20. Атлант мұхиты бүкіл жер бетінің шамамен 17% -ын алады.

21. Ол бүкіл әлемдегі судың төрттен бір бөлігін қамтиды.

22. Атлант мұхитының айдынында жағалауы жоқ әлемдегі жалғыз теңіз – Саргассов орналасқан.

23. Дәл Атлант мұхитында су әлем бойынша ең жоғары деңгейге көтеріледі. Оның канадалық Фанди шығанағындағы биіктігі кейде 18 метрге жетеді.

24. Одан әлемдегі ең ұзын ағын Гольфстрим ағыны өтеді.

25. Атлант мұхиты және оған қосылған теңіздер жүзге жуық мемлекеттің жағалауларымен ұласады. 

Тынық мұхиты туралы қызықты мәліметтер 

Stan.kz ақпараттық агенттігі Тынық мұхиты жайлы сіз білмеген танымдық, әрі қызықты мәліметтер ұсынады.

Заң бойынша Тынық мұхиты Жердегі ең үлкен мұхит деп аталады. Оның ауқымы шынымен де өте үлкен.

1. Тынық мұхиты – Жердің ең үлкен және ең терең су қоймасы. Оның аумағы әлемдегі барлық континенттердің, аралдардың және басқа да жер учаскелерінің көлемінен 30 миллион шаршы шақырымға асып түседі.

2. Ал күннің өзгеру жолы дәл осы мұхит арқылы өтеді, яғни бүгіннің аяқталуы мен ертеңнің басталуы Тынық мұхитында орын алады.

3. Тынық мұхитын кесіп өткен бірінші адам Фернан Магеллан. Оның саяхаты 4 айға созылды. Магеллан экспедициясы кезінде ауа-райы тамаша болды, сондықтан ол ашық мұхитты Тынық деп атады. Шын мәнінде бұл мұхит планетадағы ең тыншымайтын мұхит.

4. Революцияға дейін, мұхит Ресей карталарында Тынық теңізі немесе Шығыс мұхиты деп аталды.

5. Бұл мұхит жер бетіндегі барлық судың жартысынан астамын қамтиды.

6. Тынық мұхитында жер бетіндегі ең терең нүкте – «Бездна Челленджера» орналасқан. Соңғы өлшеулерге сәйкес, Мариана аңғарының осы учаскесінің тереңдігі шамамен 11 мың метрді құрайды. Бұл тұңғиықтың ең төменгі нүктесі Эверестің шыңына қарағанда теңіз деңгейінен алыс.

7. Мұхит айдынында вулкандардың атқылауы нәтижесінде пайда болған 25 мыңнан астам аралдар бар. Олардың саны мен жалпы ауданы бойынша Тынық мұхиты дүние жүзіндегі мұхиттардың ішінде көш бастап тұр.

8. Тынық мұхитының түбінде өз таулары да бар. Ондағы су асты шыңының саны шамамен 10 мыңға жетеді. Олардың көпшілігі – шыңдары су бетінен мыңдаған метрге төмен орналасқан сөнген жанартаулар.

9. Тынық мұхиты Жердегі барлық теңіз жануарларының жартысынан астамының үйіне айналған мұхит. Олардың түр алуандылығы планетадағы кез-келген басқа су қоймаларындағы теңіз жануарларының санына қарағанда 3-4 есе көп. Сонымен қатар, мұхитта әлем бойынша еш жерде жоқ ең көне балықтар өмір сүреді.

10.Тынық мұхитының суында ұзындығы 200 метрге дейін болатын балдырлар өседі.

11. Тынық мұхитының айдынында барлық лосось балығының түрлерінің 95 пайызы өмір сүреді.

12. Мұхиттың солтүстігінде әлемдегі ең үлкен моллюскалар өмір сүреді, ондағы тридакналардың салмағы 300 келіні құрайды.

13. Тынық мұхитының тереңдігінде өз денелері арқылы көп мөлшерде топырақ өткізіп тамақтанатын голотуриялар мекендейді. Ал мұхит түбінде олар тамақтанатын басқа ешқандай қоректік зат жоқ.

14. ХХ ғасырдың басында Тынық мұхитының түбіне ұзындығы 12,5 мың шақырымнан асатын алғашқы телеграф кабелі тартылды.

15. Орташа алғанда, Тынық мұхитының тереңдігі шамамен 4,3 шақырымды құрайды.

16. Бұл мұхит солтүстікке қарай тартылып, оңтүстікке созыла отырып, өз пішінімен үшбұрышқа ұқсайды.

17. Тынық мұхитындағы ең үлкен жер – Жаңа Гвинея аралы.

18. Тынық мұхитындағы үлкен тосқауыл кедертас – әлемдегі ең ұзын маржан аралдар тізбегі болып табылады.

19. Мұхиттағы сейсмикалық белсенділіктің салдарынан мұнда кейде су бетінен сағатына 800 километр жылдамдықпен өтетін алып цунами пайда болады.

20. Тынық мұхитының ортасында адамдардың немқұрайлығынан диаметрі жүздеген шақырым болатын қоқыс аралдары пайда болуда.

21. Бұл мұхитта планетадағы ең күшті толқындар соғады. Ондағы толқындар су деңгейінен 9 метрге дейін көтерілуі мүмкін.