Ата-анасы баласын Інжілді білмегені үшін тірілей көмді
Астана. 6 ақпан. KAZISLAM – АҚШ-та сұмдық жағдай. Жеті жасар баланы ата-анасы Інжілді білмегені үшін тірілей көміп тастаған.
Итан есімді бала өгей ата-ананың қолынан мерт болды. Дәрігерлер баланың қатты салқын тиюден және басынан және кеуде тұсынан алған жарақаттан көз жұмды деген тұжырым жасап отыр, деп хабарлайды Islam-today.
Іске қатысты күдікті ретінде баланы асырап алған ата-анасы және олардың 15 жастағы үлкен баласы ілінген. Іс материалдарына сәйкес, жетім бала отбасында үнемі қысым көріп жүрген. Көбіне оны Інжіл кітабын білмегені үшін жазалап отырған деген дерек бар. Итанды осындай кезекті «жазалау» кезінде Інжілдің 13 шумағын жатқа білмегені үшін қарға көміп тастаған. Кейіннен қазып алып ауруханаға апарғанмен оны құтқару мүмкін болмапты.
Дереккөз: http://kazislam.kz/