Ата-анасы ажырасқан балалар жетім болып санала ма?

0

Шариғатта жетім деп, әкесі қайтыс болған балиғат жасына толмаған жас балаларды айтады.  Ал, ата-аналары ажырасқан балалар шынайы жетім саналмайды. Бірақ оларды «хукми жетім» санатына жатқызуға болады. Яғни, «жетім» үкімі беріледі деген сөз. Әсіресе, әйел бала-шағасын тастап, оларға ешқандай материалды қолдау көрсетпей, тағдыр тәлкегіне қалдырып кеткен әкелердің жас балалары. Қазақта мұндайларды «тірі жетім» деп атаған. Мұндай балалар қолдауға мұқтаж. Осы тұрғыдан қарағанда олар да жетім үкімінде.

Сондай-ақ, «хукми жетім» санатындағыларға мыналарды жатқызсақ болады:  

1. Тұтқындағы ата-ананың балалары

2. Ата-анасы тастап кеткен балалар (жетімханадағылар)

3. Әкесі жоқ, зинадан туылған балалар 

4. Ата-анасы мүгедек пақыр балалар

5. Әкелері ұшты-күйлі жоғалып кеткен балалар

Абдусамат Қасым