Аспан әлемі үнемі кеңеюде
Қасиетті Құран Кәрімнің «Зарият» сүреі, 47-аятында:
وَالسَّمَاءَ بَنَيْنَاهَا بِأَيْدٍ وَإِنَّا لَمُوسِعُونَ
Яғни, «Аспанды құдіретімізбен біз жараттық және оларды үнемі кеңейтудеміз», — делінеді.
ХХ ғасырдағы ең ықпалды астрономдар мен космологтардың бірі, ғарышты зерттеу саласына елеулі үлес қосқан ғалым Эдвин Пауэлл Хаббл (англ. Edwin Powell Hubble) 1922 жылы жерге ең жақын бес-алты галактикадан басқа барлық галактикалар бізден өз қашықтықтарына сай жылдамдықпен тоқтамастан ұзақтап жатқанын зерттеп тапқан болатын.
Оның айтуына қарағанда, жарық жылдамдығымен есептегенде, бізден миллион жылдай қашықтықта орналасқан бір жұлдыз бізден жылына 168 км жылдамдықпен, екі миллион жыл ұзақтағы жұлдыз екі есе жылдамдықпен, үш миллион жыл ұзақтықтағы үш есе жылдамдықпен тоқтамастан алыстауда.
Иә, 1922 жылы ғана зерттеп білінген «Bigbang» Үлкен жарылыс» заңын Құран осыдан 1400 жыл бұрын, яғни астрономия ғылымының дамымаған, телескоп сияқты құралдардан мақұрым ғасырда «Аспанды құдіретімізбен біз жараттық және оларды үнемі кеңейтудеміз» («Зарият» сүресі, 47-аят), – деп анық айтып кетуі күмәнсіз толғанған ақыл иесін Құранға бас идірері сөзсіз.
ummet.kz