Ашық киінген актриса жауапқа тартылды

0

Астана. 4 желтоқсан. KAZISLAM – Египеттің Рании Юсеф есімді танымал актрисасы аморалды әрекеті мен әдепсіздікке жол бергені үшін сот алдында жауапкершілікке тартылды.

Сот шақыртуы 29 қараша күні Каир қаласында өткен халықаралық кинофестивальдің жабылу салтанатында актрисаның ашық киінуі түрткі болған.

Қара түсті көйлекпен жарқылдап жүрген актрисаның қол-аяғы жұқа матадан тұтастай ашық көрінген.  Қоғамдық мораль тәртібін бұзған актрисаға қарсы заңгерлер іс қозғаған. Аталған іске қатысты сот отырысы қаңтар айында өтеді. Египет заңына сәйкес, актрисаға 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы кесілуі мүмкін.